30 Қар 2020
Материал К.Смагулов

Басшының блогы

Өмірбаян

Мен – Кенжебаев Нурлыбек Аманжанович, 1976 жылы 30 мамырда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Махамбет ауданы Есбол селолық кеңесінде дүниеге келгенмін.

1982 жылы Ақжайық селосындағы Қызылүй орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, орта мектепті 1993 жылы аяқтадым.

1994 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы аталған жоғары оқу орнының филология факултетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым.

1998 жылы еңбек жолымды Махамбет ауданы Есбол орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастап, 2001 жылы 1 қыркүйекте мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.

2003 жылы Махамбет селосындағы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2004-2006 жылдары Махамбет ауданы Ақжайық ауылындағы Қызылүй орта мектебі директорының орынбасары, 2006-2010 жылдары Ақжайық селолық округ әкімі аппаратының бас маманы, 2010-2013 жылдары Қызылүй орта мектебі директоры лауазымдарында қызмет атқардым.

2013 жылы Атырау қаласына қоныс аударып, Қ.Смағұлов атындағы орта мектепте мұғалім, директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім. 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп директоры лауазымына конкурстық негізде тағайындалдым.

Жанұямда – жолдасым, 2 қыз, 2 ұлым бар.